×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Антициклон әсерінен күшті жел соғады: 24 қарашада қандай ауа райы күтіп тұр

23.11.2024, 19:15
Антициклон әсерінен күшті жел соғады: 24 қарашада қандай ауа райы күтіп тұр
Ашық дереккөзден

Синоптиктер 2024 жылғы 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ел аумағының басым бөлігі өзімен бірге жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін орасан зор антициклонның ықпалында болады.

«Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі, елдің оңтүстік жартысында – жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының тау асуларында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 30 м/с жететін өте күшті жел соғуы күтіліп отыр», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз -1-3°.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 жел соғады, күндіз екпіні секундына 8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4°, күндіз +5+7° жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 8-13, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°, күндіз +11+13°.