Бельгия билігі Халықаралық қылмыстық соттың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды тұтқындау жөніндегі ордерінің орындалуын қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Бельгияның Ынтымақтастықты дамыту федеральды министрі Франк Ванденбрук хабарлады.
Оның айтуынша, Бельгия адамзат баласына қарсы жасаған қылмыстары үшін Израильдің пермьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты Халықаралық қылмыстық сот берген тұтқынға алу ордерінің орындалуын қолдайды және қамтамасыз етеді.
Белгия билігі сондай-ақ Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоава Галланта мен ХАМАС көшбасшысы Мохаммед Дейфті де тұтынған алу туралы Халықаралық қылмыстық соттың ордеріне қолдау білдірген.
Бұған дейін Бельгия Үкіметінің жетекшісі Александр Де Кроо да, сыртқы істер федеральды министрі Хаджа Лахбиб те Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне қатысты жауап қатпаған. Алайда министр Франк Ванденбрук аталған шешімді Бельгияның орындауы дұрыс деп санайды.
«Біз құрбандар мен халықаралық сот әділдігін қолдаймыз», деді үкімет мүшесі.
Еске сала кетсек, Гаага соты бұған дейін Ресей президенті Путинді тұтқындауға ордер берген болатын. Сондай-ақ аталған сот Путиннің ізімен Қорғаныс министрі Шойгуды да тұтқындау жөнінде санкция берген. Гаагадағы Халықаралық сот Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоава Галантты да ұстауды көздеп отыр.