Ресейдің Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағының қозғалтқышы Түркияның Анталия курорттық қаласының әуежайына қатты қонғаннан кейін өртеніп кетті. Бұл туралы Түркия көлік министрлігі ақпарат таратты, деп жазады Ulysmedia.kz порталы golosameriki басылымына сілтеме жасап.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Борттан Ресейдің Сочи қаласынан Азимут рейсімен келген 89 жолаушы эвакуацияланды. Оның ішінде алты экипаж мүшесі бар.
"Азимут" әуе компаниясы ұшақ жел бағытының өзгеруіне байланысты қатты қонғанын хабарлады, деп жазады Reuters.
Ұшу сапарын бақылайтын Flightradar24 веб-сайтының хабарлауынша, ұшақтың қызметіне жеті жыл болған.
2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін салынған санкцияларға байланысты Ресейге ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектері жетіспей жатыр.
ҚАЗАҚСТАННАН КӨМЕК СҰРАҒАН
Ресейге қарсы санкциялық шектеулер Ресейдегі автоөнеркәсіптің дамуына кері әсерін тигізгенІ бұған дейін хабарланған болатын. Ол елде ұшақтары жетпей, билігі Қазақстаннан көмек сұраған. Қазақстан жүк-теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы санкциялар салдарынан Ресейде ұшақ тапшылығы туындағанын хабарлады.
– Үкімет Батыс ұшақтарын отандық ұшақтармен алмастыруды жоспарлаған, бірақ жаңа лайнер өндірісі күткеннен баяу жүріп жатыр. Сондықтан олар дос елдерден, атап айтқанда Қазақстаннан көмек іздейді, – деді қауымдастық.
КЕЛІССӨЗДЕР
Ресей көлік министрі Роман Старовойттың айутынша, Қазақстан әуе компанияларын тарту туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ол келіссөз шетелдік авиакомпания басқа елдің елдімекендерінің үстімен ұшқан кездегі тасымал жөнінде жүргізілгенін хабарлайды.