×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Атырауда мал сою цехының жұмысшысы сібір жарасын жұқтырғаны білгілі болды

Бүгін, 15:36
Атырауда мал сою цехының жұмысшысы сібір жарасын жұқтырғаны білгілі болды
Көрнекі сурет

Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде «Асыл-Агро» мал сою цехының бір жұмысшысында сібір жарасының терімен байлагысты түрі расталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жергілікті Ақ Жайық басылымының жазуынша, қазіргі уақытта науқас бекітілген медициналық қаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Байланыста болған басқа адамдарда ауру белгілері анықталмаған.

20 қарашада мал сою цехындағы жануардан күйдіргі анықталғанына байланысты карантин енгізілген болатын.

Патологиялық жануармен байланыста болған 17 адам анықталып, тексерілді. Оларда инфекция анықталмаған: барлығы инфекционистердің тексеруінен өтіп, динамикалық медициналық бақылауда.

ВАКЦИНАЦИЯ

Ветеринарлық бақылау мамандары карантин аумағындағы барлық малды вакцинациялауды аяқтады. Сонымен қатар, аумақты санитарлық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысына ірі қара малдың (ІҚМ) әкелінуін бақылау мақсатында төрт полиция және ветеринарлық бақылау бекеттері орнатылған. Онда малдың вакцинациясын растайтын құжаттары тексеріліп, жануарлардың жағдайы бағаланып, термометрия жүргізілуде. Санитарлық қауіпсіздік шарасы ретінде осындай тексерулер Атырау қаласының мал сою цехтарында да ұйымдастырылды.

Құжатсыз мал тасымалдау мен союға қатаң тыйым салынған.

Айта кету керек, облыста үшінші мал өлгені туралы белгілі болды. Құлаған сиырдың тін үлгілері лабораториялық талдауға жіберілді.