×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Сергек» камералары түсіретін айыппұлдарды екі есе азайту керек – Үкімет жауап берді

Бүгін, 08:41
«Сергек» камералары түсіретін айыппұлдарды екі есе азайту керек – Үкімет жауап берді
Фото: bnewz.kz

Мәжіліс депутаттары бұған дейін бейнебақылау камералары арқылы салынатын айыппұлдарды кемі екі есе азайтуды ұсынған еді. Үкімет атынан бұл бастама вице-премьер Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА

Статистикалық деректерге сәйкес 2024 жылдың өткен кезеңінде елде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза болып, шамамен 25 мың адам дене жарақаттарын алған.

“СЕРГЕКТЕР” НЕНІ АНЫҚТАЙДЫ

Склярдың жауабына сәйкес, қазір автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық бақылау құралдары мен аспаптары жол жүрісі саласындағы мынадай құқық бұзушылықтарды тіркейді:

  • белгіленген жылдамдық режимін бұзу;
  • бағдаршамның тыйым салу белгісіне жүру;
  • жол белгілерінің жолақтарын және таңбаларын бұзу;
  • рұқсат етілмеген жерге тоқтау немесе тоқтап тұру.

– Осылайша, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп тудыратын төндіретін бұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі. Бұл құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықталатын құқықбұзушылықтар тізбесінен алып тастау жол-көлік оқиғаларының өсуіне алып келуі мүмкін, – делінген жауапта.

БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР

Депутаттар сонымен қатар, ақылы көлік тұрақтарын қадағалайтын мемлекеттік операторды құруды ұсынған. Оған дейін мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі туралы шарттардың талаптарын қайта қарап, жекеменшік компанияға тұрақ аумағын күтіп ұстау, жолын жөндеу қызметін жүктеуді өтінген. Алайда Скляр бірыңғай мемлекеттік оператор құру экономиканың бәсекелес салаларына мемлекеттің қатысуын қысқарту жөніндегі мемлекет саясатымен үйлеспейтінін, сондықтан аталған ұсыныс қолдау таппайтынын хабарлайды.