×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

Мешіттен шыққан дау: Германияда 13 жастағы қыздарды некеге дайындаған

Бүгін, 16:13
Мешіттен шыққан дау: Германияда 13 жастағы қыздарды некеге дайындаған
BILD

Германиядағы мешіттердің бірінде 13 жастағы қыздарға арналған "неке дайындығы" курстары ұйымдастырылып келгені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Баден-Вюртемберг жеріндегі Мангейм қаласындағы мешіт 13 жастағы қыздарды «неке дайындығы» семинарларына шақырғаны үшін үлкен дауға қалды. Бұл іс-шараны жергілікті «Ислам жұмысшылары қауымдастығы» ұйымдастырған, деп жазады жергілікті BILD басылымы.

«Біз қалалық әкімшіліктен толық түсініктеме талап етеміз: әсіресе балаларды қорғау жөніндегі инспектордан, тең мүмкіндіктер жөніндегі маманнан және көші-қон мен интеграция мәселелері бойынша қызметкерден. Германияда 13 жастағы балалардың некеге тұруына орын жоқ», — деп мәлімдеді Христиан-демократиялық одақтың (ХДС) жергілікті жастар ұйымының төрағасы Леннарт Крист.

КУРСТАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ

Курстар Неккарштадт ауданындағы Омар әл-Фаруқ ислам орталығында ұйымдастырылған, бұл ауданда мигранттар көп шоғырланған. Мешіт өкілдері іс-шара атауы дұрыс таңдалмаған әрі оны дұрыс тұсінбей қалған деп ақталады.

«Қызым қазір бес жаста. Мен оның есейгенде ғана тұрмысқа шыққанын қалаймын. Іс-шара атауының басқа әсер қалдырғаны — үлкен қателік, және біз бұған шын жүректен өкінеміз», — деді мешіт өкілі Халил Халил.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

Халилдің айтуынша, семинарлар қатысушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеруге бағытталған, сонымен қатар қарым-қатынастағы теңдік мәселелерін қамтиды. Курстарда кәмелетке толмағандардың некелеріне тыйым салынғаны туралы да түсіндіріледі. Ұйымдастырушылар бұл мешітте 18 жасқа толмаған қыздардың некелері тіркелмейтінін атап өткен

ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫ

Мешіт қауіпсіздік қызметтерінің назарында болған, алайда құқық қорғау органдары оның экстремистік топтармен байланысын байқамаған.

Бұған дейін Иракта қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендететін заң жобасы дайындалып жатқанына орай мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауыздық әрекетті жазғырып, ал тиісті мемлекеттік органдар бақылауды күшейтуі керек екенін айтып, дабыл қаққан.