×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

«Мұндайды ешқашан көрмегенмін» – Германияда жаңа көліктер жылдап сатылмай жатыр

Бүгін, 18:23
«Мұндайды ешқашан көрмегенмін» – Германияда жаңа көліктер жылдап сатылмай жатыр
Коллаж Ulysmedia

Германияда автокөлік саласы дағдарысқа ұшырады. Эссен қаласындағы CAT Automobillogistik логистикалық алаңында алты мыңға жуық жаңа автокөлік сатып алушыларын күтіп тұр. Олардың қатарында Volkswagen мен Audi-дің қымбат модельдері, сондай-ақ электр көліктері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

Алаңдағы автокөліктердің жалпы құны кемінде 300 миллион еуроны құрайды. Жұмысшылардың айтуынша, бұл көліктердің кейбірі жарты жылдан астам, ал басқалары бір жылдан астам уақыт бойы сатылмай тұр.

«Мен мұндайды ешқашан көрмегенмін, бұл жерде он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Көліктерді жеткізіп жатыр, бірақ оларды ешкім алып кетпейді», – дейді BILD-ке логистикалық алаң қызметкері.

ДАҒДАРЫСТЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Бұл жағдайдың басты себебі ретінде автокөліктердің қымбат екені  және электр көліктері үшін инфрақұрылымның жеткіліксіздігі аталады.

«Адамдар электр көліктері үшін осындай қымбат бағаны төлеуге дайын емес. Ал зарядтау станцияларының жеткіліксіздігі мен жүру қашықтығының шектеулілігі сатып алушыларды шошытады», – деп түсіндірді логистикалық алаң қызметкері.

СҰРАНЫСТЫҢ ТӨМЕНДЕУІ ЖӘНЕ САЛДАРЫ

Сарапшылардың айтуынша, Германияда жаңа автокөліктерге деген сұраныс әлі де төмендеп жатыр. Бұл жағдай автокөлік өндірушілеріне кері әсерін тигізуде. Мысалы, Ford компаниясы жұмыс уақытының қысқаруын енгізуге және қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр болып отыр.

Соған қарамастан, сұраныстың төмендеуі сатып алушылар үшін тиімді болуы мүмкін. Өйткені өндірушілер қоймаларда тұрған модельдерді сату үшін үлкен жеңілдіктер ұсынып жатыр.

Автомобиль сарапшысы Франк Швопенің айтуынша, автокөлік өндірушілері жыл соңына дейін сатылым көрсеткіштерін жақсартуға тырысады, бұл одан да үлкен жеңілдіктерге алып келеді. Дегенмен, ол дағдарыс тереңдеп жатқанын және сұраныстың төмендеуі жағдайында ұзақ мерзімді шешім табу барған сайын қиындап бара жатқанын атап өтті.

САУДА СОҒЫСЫ

Германиядағы, қала берді Еуропадағы көліктердің сатылмай жатқанына қытайлық арзан көліктердің бәсекесі қатты әсерін тигізіп жатыр.  Осыған байланысты жуырда Еуропалық Одақ Қытайдан әкелінетін электр көліктеріне қосымша 35,3%-ға дейінгі тарифтерді енгізетінін белгілі болған.

АЛЫП КОНЦЕРНДЕР ҚАРСЫЛЫҒЫ

AFP ақпарат агенттігінің мәліметінше, Германия канцлер Олаф Шольці мұндай баждарды енгізуге қарсы болған. BMW, Mercedes және VW сияқты неміс өндірушілері де бұл бастаманы сынға алған. Өйткені компаниялар жазалау тарифтерін еуропалық автомобиль өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырмайтын теріс тәсіл деп санайды.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАУАБЫ

Қытайдың бұл қадамға жауабы өзін көп күттірмей, қазірдің өзінде алғашқы ескерту ретінде еуропалық алкогольге 39%-ға дейінгі тарифтер енгізді. Бұл әсіресе әсіресе Францияға қатысты.

ЕО-НЫҢ ӨЗІ ЗАРДАП ШЕГЕДІ

ЕО осылайша еуропалық индустрияны тарифтер арқылы қорғағысы келеді. Алайда жаңашылдықтан Қытайда жиналатын еуропалық модельдер де зардап шегеді. Олардың ішінде бағасы 16 900 еуродан басталатын арықтағы ең арзан электр көлігі румындық Dacia Spring те бар.

ЕУРОПАЛЫҚ АВТОИНДУСТРИЯДАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙ

Volkswagen автомобиль концерні Германиядағы кем дегенде үш ірі зауытты жауып, он мыңдаған жұмыс орнын қысқартуы мүмкін екенін жазған едік. Осыған байланысты Германияда металлургия және электротехника саласы қызметкерлері ереуілге шыққан. Оған ірі автокөлік өндірушілері – Volkswagen (VW) және BMW қызметкерлері де қосылған.