×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

Қазақстан қайырымдылықтың әлемдік рейтингінде төмендеп кетті

Бүгін, 02:45
Қазақстан қайырымдылықтың әлемдік рейтингінде төмендеп кетті
kz.kursiv.media

Қазақстан 2024 жылы қайырымдылық индексінің халықаралық рейтингіндегі позициясын нашарлатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

CAF халықаралық ұйымы дайындаған The World Giving Index 2024 есебіне сәйкес, республикамыз 142 елдің ішінде 113-орынға тұрақтады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен алты позицияға төмен, ол кезде 107-орында болған едік.

Рейтингтік мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мүмкін болатын 100 ұпайдың 33-ін жинады. Бұл нәтиже ТМД-дағы көршілерінен айтарлықтай төмен:

  • Ресей – 45 ұпай;
  • Өзбекстан – 44 ұпай;
  • Қырғызстан – 42 ұпай.

Қайырымдылық индексі азаматтардың басқаларға қаржылық және қаржылық емес түрде көмектесуге дайындығын бағалайды. Рейтингті қалыптастыруға қатысушы елдердің тұрғындары арасында жүргізілген сауалнамалар негіз болды.

Онда мынандай аспектілер ескерілді:

  • жомарттыққа дайын болу;
  • волонтерлік іс-шараларға қатысу;
  • бейтаныс адамдарға көмектесу.

Рейтингтегі көшбасшылар көбіне аса бай елдер емес екенін атап өткен жөн. 2024 жылы алғашқы бестікке Индонезия, Кения, Сингапур, Гамбия және Нигерия кірді.