×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 510 теңгеге жетті

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 510 теңгеге жетті
Фото: golosameriki.com

KASE кешкі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге көтеріліп, 500,42 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы бойынша 1 доллар 498,51 теңгені құрайды.

Ал Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар бағамы көтерілді. Бірқатар қалаларда америкалық валютаның сатылымы қазірдің өзінде 510 теңге шамасында.

Сағат 17:30-дағы жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша доллардың орташа бағамы:

Астана: сатып алу – 501,00 теңге, сату – 507,15 теңге;

Алматы: сатып алу – 504,23 теңге, сату – 508,56 теңге;

Ақтау қ.: сатып алу – 496,00 теңге, сату – 502,00 теңге;

Ақтөбе: сатып алу – 503,50 теңге, сату – 509,50 теңге;

Қостанай: сатып алу – 502,25 теңге, сату – 506,50 теңге;

Павлодар: сатып алу – 502,75 теңге, сату – 507,88 теңге;

Семей: сатып алу – 499,60 теңге, сату – 507,33 теңге;

Шымкент: сатып алу – 506,58 теңге, сату – 509,53 теңге.

Ең жоғары бағам Алматы мен Шымкентте тіркеліп, доллар сатылымы 510 теңгеге жетті.

Еске салсақ, Қазақстан шетелдік үш банктен 600 млрд теңге қарыз алатынын, ал депутаттар Үкіметтің қарыз алуға әуестеніп кеткенін сипай сынағанымен, түсінетінін айтып, құжаттарды қабылдап жібергенін жазған едік.