×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Сеул 100 жылдағы ірі қар құрсауында қалды. Қаза тапқандар бар

28.11.2024, 14:47
Сеул 100 жылдағы ірі қар құрсауында қалды. Қаза тапқандар бар
theguardian.com

Оңтүстік Корея қатарынан екінші күн қалың қармен күресуде. Қардың салдарынан ондаған рейс тоқтатылып, паромдар жүруін тоқтатты. Қысқы ауа райы қатал болып, кемінде төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайлы Ulysmedia.kz порталы Theguardian.com басылымына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні жауған қар Сеулде 1907 жылдан бері жүргізілген бақылаулар бойынша үшінші ең қалың қар болды, деп хабарлады Yonhap агенттігі қала мәліметтеріне сілтеме жасап. Алдыңғы күні қараша айы үшін қар жауу рекорды жаңартылған еді.

Бейсенбі таңғы 8-ге қарай Сеулдің кейбір бөліктерінде қардың қалыңдығы 40 см-ден асты. Бұл 140-тан астам рейсті тоқтатуға себеп болды. Дегенмен, ауа райын бақылау қызметі сағат 10-ға қарай Сеул метрополитан аймағында қалың қар туралы ескертуді алып тастады.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАР МЕН АПАТТАР

Сәрсенбі күні кешкісін гольф алаңында тор қарды көтере алмай құлап, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Сондай-ақ, автотұрақта қорғаныс шатырын қар басып құлауы салдарынан тағы бір адам қайтыс болды.

Сеулдің шығысында орналасқан тасжолдарда жол-көлік апаттарынан кемінде екі адам қайтыс болды. Гангвон провинциясының Вонджу қаласында тасжолда 53 көліктің соқтығысуы салдарынан 11 адам жарақат алды.

ҰШАҚ МЕН ПАРОМ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІ

Сеулдің басты әуежайы Инчхон ең көп зардап шеккен нысандардың бірі. Жолаушылар орта есеппен екі сағатқа дейін кідіріске тап болды. Flightradar24 сайтының мәліметінше, бейсенбі күні рейстердің 14%-ы кешіктіріліп, 15%-ы тоқтатылған.

Жалпы 142 рейс тоқтатылды, ал 76 бағыттағы 99 паром қозғалысын шектеген. БАҚ хабарлауынша, пойыздар да кешігіп жатыр.

МЕКТЕПТЕР МЕН БАСҚА АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Сеулге көршілес Кёнгидо провинциясындағы мектептер қажет болған жағдайда бейсенбі күні жабылуға рұқсат алды, деп хабарлады жергілікті билік.

Қараша айындағы мұндай қалың қардың себебі Корея түбегінің батысында орналасқан теңіз суларының әдеттегіден жылы болуына байланысты деп түсіндірілді. Бұл жылы суық ауа ағындарымен кездесіп, қардың түсуіне алып келген.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Корей Орталық Телевидениесі көрші Солтүстік Кореяда да сейсенбі мен сәрсенбі күндері кейбір аймақтарда қардың қалыңдығы 10 см-ден асқанын хабарлады.