×
$
443.62
€
492.24
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.62
€
492.24
₽
5.36

Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауады

Бүгін, 16:10
Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауады
profile.ru

Қазақстанның басым бөлігінде 14-16 қарашада жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ елдің барлық өңірінде екпіні күшті жел соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Тек Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауа райы әсіресе батыс өңірлерде бұзылады. 15 қарашада қатты жаңбыр жауса, 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын күшейіп, жаңбыр аралас қар жауады.

Батыс

Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы 6-11 градусқа дейін жылынады. Алайда 16 қарашада 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады. Күндіз ауа температурасы 8-13 градустан 1-8 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыста түнде 0-5 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы болады. Солтүстік-батыста түнгі температура 3 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болса, күндіз 4-11 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік пен орталық

Солтүстікте түнде 5 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 0-5 градус жылы болады. Павлодар облысында күн суығырақ: түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында.

Елдің орталығында түнде 2-10 градус аяз, күндіз 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

Шығыс

Шығыс өңірлерде күн қатты суытады. Түнде ауа температурасы 6-13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 5 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс

Ең жылы ауа райы оңтүстік өңірлерде сақталады. Түнде 5 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болса, күндіз 7-15 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстік-шығыста түнде 5-10 градус аяз, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз болады. Күндіз жазық жерлерде 0-8 градус жылы, таулы өңірлерде 3-8 градус аяз болады.

Еске салайық, 13 қарашада елдің шығысында жер бетінде бұрқасын соғып, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында аяз 16 градусқа дейін күшейген еді. 13 қарашадан бастап оңтүстікте құрғақ ауа райы орнығып, батыста күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жылынды.

Сізге қызық болуы мүмкін