×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Әскери қылмыс: Ресей сарбаздары берілген украин тұтқындарын атып тастаған

28.11.2024, 15:31
Әскери қылмыс: Ресей сарбаздары берілген украин тұтқындарын атып тастаған
BILD

Ресей әскері берілген тұтқындарды өлтіріп, Женева конвенциясын бұзды деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

МӘН-ЖАЙЫ

Германилық BILD басылымының мәліметінше, Запорожье облысында Ресей Украина Қарулы Күштерінің қорғаныс позициясын алғаннан кейін алты украин сарбазы тұтқынға түсіп, қаруларын тапсырып, қолдарын бастарына қойып жерге жатқан. Олардың бірі командирі болуы керек келіссөз жүргізуге тырысқан. Бірақ Ресей сарбазы автоматпен жерге жатқан тұтқындардың қасына барып, бесеуін мойнынан атып өлтірді. Тек командирді ғана тұтқынға алды.

BILD басылымының ашық деректерді талдау жөніндегі сарапшысы Юлиан Рёпкенің айтуынша, бұл қылмысты ресейлік әскерилер Украина Қарулы Күштерінің Ресей аумағындағы нысандарға батыстық зымырандармен сәтті соққылар жасағанына кек қайтару ретінде жасаған.

ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫС

1949 жылы жаңартылып, төрт негізгі құжат түрінде бекітілген Женеве конвенциясына сай, әскери тұтқындарға құрметпен қарау көзделген, оларды азаптауға, өлтіруге тыйым салынған.

Женева конвенциялары – қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындарды, жаралыларды, әскери тұтқындарды және басқа да осал топтарды қорғауға арналған халықаралық құқықтық құжаттар жиынтығы. Конвенцияның мақсаты – соғыс жағдайында адам құқықтарын сақтау және гуманитарлық нормаларды қамтамасыз ету.

Конвенцияға сай тұтқындарды өлтіру әскери қылмыс болып саналады.