×
499.51
525.83
4.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.51
525.83
4.62

Павлодарда Балалар үйлеріндегі 11 қыз зорланған

Павлодарда Балалар үйлеріндегі 11 қыз зорланған
Фото: ашық дереккөз

Павлодардағы Балалар үйлері мен Балаларды қолдау орталықтарындағы 105 қыз медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижелері 11 тәрбиеленуші бойынша жыныстық қол сұғушылықты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Бұған дейін прокуратура облыстағы Балалар үйлері мен Балаларды қолдау орталықтарында тәрбиеленіп жатқан 10-16 жас аралығындағы қыздар медициналық тексеру өткізіліп жатқаны туралы хабарлаған.

Прокуратура органдары ұйытқы болған дәрігерлік тексерумен кәмелет жасына жетпеген 105 қыз бала қамтылған.

КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Тексеру барысында 11 қыздың ерте бастан пәктігінен айырылғаны тіркеліп отыр. Оның 8-і қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды. Олар бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш дерек қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тексеріліп жатыр. Бұған қоса балалардың үй жағдайындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты екі дерек тіркеліп отыр, – деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова.

ОҚИҒА БІРНЕШЕ ЖЫЛ БҰРЫН БОЛҒАН

Бұл қылмыстардың барлығына бірнеше жыл болған. Тексерулердің нәтижесінде енді ашылып отыр.

Бұған дейін Павлодар облысының Железин ауданында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Шымкенттегі психикалық орталықтың қызметкерлері науқас қыздарды зорлады деген күдікке ілінген еді.