×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Путин: Қазақстанмен атом энергетикасы саласында ынтымақтастық болуы мүмкін

Путин: Қазақстанмен атом энергетикасы саласында ынтымақтастық болуы мүмкін
Коллаж Ulysmedia

АЭС құрылысы жобасы үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

– Қазақстанмен атом энергетикасы саласында ынтымақтастық болуы мүмкін. Біз бұған кеше тар және кең құрамдағы келіссөздер барысында көп көңіл бөлдік. Қазақстан, егер ол атом энергетикасы саласындағы өз жобаларын жүзеге асыратын болса, онда, әрине, кез келген тапсырыс беруші сияқты өзі үшін неғұрлым қолайлы технологиялық шешімдер мен қаржылық схемаларды таңдауға құқылы, – деді Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Ақордада журналистерге.

Путин атом саласында тәжірибесі бар Қазақстан Халықаралық шешімдерді тарта отырып, «Росатоммен» ынтымақтаса алатынын атап өтті.

ЖОБАҒА ҚАНДАЙ КОМПАНИЯЛАР ҚАТЫСА АЛАДЫ

Бұған дейін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Қазақстанда АЭС салу бойынша өз ұсыныстарын енгізгенін және көмек көрсетуге дайын екенін айтқан болатын.

Қазақстан қысқа тізімге енген атом электр станцияларын салу үшін ықтималды жеткізушілермен ресми келіссөздерді бастады.

Жобаға қатыса алатын ықтималды компаниялар: «Росатом» (Ресей), KHNP (Оңтүстік Корея), EDF (Франция), China National Nuclear Corporation (Қытай).

АЭС РЕФЕРЕНДУМЫ

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.

Үкімет АЭС салынатын орын ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын белгілеп отыр.