Абу-Дабиде өтетін Ресей мен Украина делегацияларының кездесуі бейбіт келіссөздерде жаңа мүмкіндік ашуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жайы
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина делегацияларының алдағы келіссөздері қақтығысты реттеу жолында маңызды нәтижеге жеткізуі мүмкін екеніне сенім білдірді. Кездесу АҚШ-тың арағайындығымен 10-11 қарашада Абу-Дабиде өтеді.
– Келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу болуы мүмкін. Кездесу нәтижелі өтуі ықтимал, – деді АҚШ президенті Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Келіссөздерге тараптар жұмыс топтары деңгейінде қатысады. Бұл – ақпан айынан бергі делегациялардың алғашқы кездесуі.
Контекст
Reuters мәліметінше, келіссөздер аяқталғаннан кейін АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресейге баруы мүмкін.