Астана қаласының прокуратурасы билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталғанын мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.
ҚЫЛМЫСЫН ӘШКЕРЕЛЕГЕНГЕ КЕКТЕНГЕН
Прокуратура мәліметінше, құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.
Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған.
Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған.
СОТ
Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелденген.
Сот үкімімен шабуыл ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.