×
513
541.16
4.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513
541.16
4.69

Алматы мәслихаты қаланың жергілікті бюджетін нақтылауды қолдады

Бүгін, 17:17
Алматы мәслихаты қаланың жергілікті бюджетін нақтылауды қолдады

Алматы қаласының бюджетін нақтылау бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен жүргізіледі. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі 82,9 млрд теңгеге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен – 18,1 млрд теңгеге, сондай-ақ келесі жылға 57,9 млрд теңге көлемінде қаражат аудару есебінен азайтылатын болады. 

«2025 жылға қаражат аударудың негізгі себептері – мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу», - деп атап өтті Қанат Сухамбеков, жаңа бастамалар бойынша жұмыс қарқынының озып кетуіне байланысты қосымша 21,3 млрд теңге бөлінетінін, олар әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс – шараларды қосымша қаржыландыруға бағытталатынын айтты.