×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаржылық мониторинг агенттігі өз әріптестерін тұтқындады

13.12.2021, 15:45
Қаржылық мониторинг агенттігі өз әріптестерін тұтқындады
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінде өкілеттігін асыра пайдаланған әріптестерін ұстағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті іздестіріп жатқан аумақтық департамент басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды», – деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі.

Оған қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті Нұрсұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр.

Еске сала кетсек, Қаржылық мониторинг агенттігі бұған дейін 1984 жылдың 25 мамырында туған Ақмола облысының тумасы Қайырбеков Дастанбек Байтұрсынұлына мемлекетаралық іздеу жариялап, тіпті оның орналасқан жері туралы анық ақпарат ұсынған үшін ақшалай сыйақы тағайындаған болатын.