×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

«Бақыт! Бақыт! Бақыт!»: Баян Алагөзова жиен немерелі болды

«Бақыт! Бақыт! Бақыт!»: Баян Алагөзова жиен немерелі болды
Фото: instagram.com

Танымал продюсер Баян Алагөзова жиен немерелі болды. Ол қуанышын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның үлкен қызы Айсәуле Бақытбек-Қайдарова қыз баланы өмірге әкелді.

Бақыт! Бақыт! Бақыт! Менің қызым үшінші рет ана атанды! Бізде қыз бала өмірге келді! – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram-да.

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек-Қайдарова Сафия және Сәтті есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.

Осылайша, енді отбасына тағы бір қыз қосылды.

Сондай-ақ Айсәуле де Instagram-парақшасына:

Үшінші рет ата-ана атандық, – деп жазып, сәбидің қолынан ұстаған фотосын жариялаған.

Бұған дейін Айсәуле Бақытбек-Қайдарова өзінің Instagram парақшасында "сұрақ-жауап" айдарын өткізіп, әкесі жайлы сұрақтарға жауап берген болатын.