Бала құқығы жөніндегі арнайы уәкіл Динара Зәкиева үйде ересектердің қарауынсыз қалып, қайғылы оқиғаларға соқтырып жатқан жағдайлардың жиілеіне байланысты заңнамалық өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зәкиева Ақмола облысында жеке үйде электр сымдарының тұйықталуы және түтіннің шығуы салдарынан екі бала қаза тапкенын атап өтіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
“2024 жылдың қаңтарынан бері балалардың қазасына әкелген 15 өрт тіркелген, олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз қалған. Осы оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу туралы заңнамалық шараларды қарастыру қажеттігін ұсынамын” деді арнайы уәкіл.
Сондай-ақ ол көмекке мұқтаж отбасылардың мемлекет қарастырған бағдарламалар арқылы қолдаумен қамтамасыз етілуіне маңыз берді.
Кеше Ақмола облысындағы Шұбарағаш ауылында екі бала үйінде электр сымының қысқа тұйықталуынан кейін болған үйдің бықсып жануынан жиналған түтінге ыстанып қаза тапқан.
Ал 17 қарашада Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапқан.
Одан бөлек Қостанай облысының Амангелді ауданында көмірқышқыл газынан уланған 4 адам – үш бала мен атасы қайтыс болған.