Қорғаныс министрлігі 2025 жылы мерзімді әскери қызметке қанша азамат шақырылатынын жариялады. Сарбаз саны жаңа қаулы жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әскерге жылдағыдай жастар екі рет: наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін шақырылады. Жобаға сәйкес, 18-27 жас аралығындағы 41 706 адамды әскерге жинау көзделген.
Әскерге шақырылушыларды жинау үшін полиция қызметкерлері күшейтілген кезекшілігін жүргізеді. Ал көлік министрлігі запасқа шығарылған әскери қызметшілерді де, әскерге шақырылушылардың да тасымалын қамтамасыз етеді.
Қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктері қызметке шақырылған азаматтарды және запасқа шығарылғандарды, көлік ұйымдарын ұсынылған шоттар бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуге тиіс.
Қаулы жобасы 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
2024 жылы мерзімді қызметке 40 202 адам шақырылған.