×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Бір қазақстандық мұнайшы табылмады ма – депутат

Бір қазақстандық мұнайшы табылмады ма – депутат
Коллаж Ulysmedia

Мұнайшыларды ерегестіріп, халықтың қытығына тиіп, ереуіл елді еліктіру кімге керек болды? "Ротация кадров" жасау ауадай қажет болып тұрса, көдедей көп қазақстандық мұнайшы менеджер табылмады ма? Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ КІМ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Еске салсақ, ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалған болатын.

Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген.

Ол И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін («Геология және пайдалы қазбаларды барлау» бағыты бойынша техника және технология магистрі) бітірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған.

2005-2024 жж. «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілген.

2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары болды.