×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Израиль атысты тоқтату келісімін бұзып Хезболла позицияларын жаппай атқылады

03.12.2024, 16:04
Израиль атысты тоқтату келісімін бұзып Хезболла позицияларын жаппай атқылады
Фото: Hussein Malla/AP/picture alliance

Атысты тоқтату режимін бұзғаны үшін қос тарап бірін-бірі айыптайдлы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Израиль Әуе күштері Ливандағы нысандарға жаппай соққы жасады. Бұл шабуыл «Хезболла» содырларымен бітімгершілік келісімі күшіне енген сәттен бергі ең ауқымды шабуыл болып отыр.

Израиль әскери күштерінің мәлимдеуінше, әуе соққылары нәтижесінде Израиль бағытына зымырандар ұшырылған іске қосу алаңы жойылған. Ливан Денсаулық сказал министрдігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан кемінде 10 адам қаза тапқан.

АҚШ Израиль мен «Хезболла» арасындағы битімгершілік режимін бұзудан сақтануға шақырумен шектеліп отыр. Алайда Израиль үкіметі мен террористік ұйым басшылығы бірнеше рет бір-бірін бітімгерлікті бұзды деп айыптаған, деп жазады Bild.

Ливан парламентінің спикері Набих Берридің айтуынша, Израиль әскери күштері бітімгершілік режимін ондаған рет бұзған. Өз кезегінде, Израиль «Хезболланы» «жаулық әрекеттерін тоқтатуға» шақырды.

КЕЛІСІМ

27 қарашада Израиль тарапы Ливандағы «Хезболла» ұйымымен қақтығысты уақытша тоқтатуға келіскені хабарланған. Тараптарға екі айлық бітімгершілік жоспарының жобасын америкалық медиаторлар ұсынған. Келісімге сай, Израиль Ливанның оңтүстігінен өз әскерін шығарып, шекаралық аймақтарды бақылауды Ливан үкіметінің әскеріне тапсыруы керек, ал «Хезболла» Литани өзенінің солтүстігіндегі ауыр соғыс қаруларын алып кетуге міндеттелген.