×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

«Ауыр айып»: Қошанов Базарбекке сөзге мұқият болу туралы ескерту жасады

Бүгін, 13:02
«Ауыр айып»: Қошанов Базарбекке сөзге мұқият болу туралы ескерту жасады
Коллаж Ulysmedia.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов палата депутаты Бақытжан Базарбекке цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қатысты айтқан айыптауларына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Пленарлық отырыс барысында депутат Базарбек министрлікке президент саясатына қайшы әрекет етіп, Жер кодексінің нормаларын орындау саласында интеграцияны дамытпай отыр деп айып тақты.

«Сіздер президенттің саясатына қайшы келіп отырсыздар. Біз сіздерге арнайы уақыт береміз, осы уақыт ішінде eGov арқылы заңсыз алынған жер телімдері туралы хабарламаларды электронды түрде алу жүйесін іске асыруларыңыз керек. (...) Егер бұл орындалмаса, мен сіздердің президент тапсырмасына қарсы екендеріңізді айтамын», – деді депутат министрлік өкілдеріне.

Бұл сөздерге Мәжіліс спикері Қошанов жауап беріп, мұндай мәлімдемелерден сақ болуды ескертті.

«Депутат қазір министрлік президенттің саясатына қарсы деп мәлімдеді. Бұл өте ауыр айыптау. Президент тапсырмасы толық орындалмады деп айтуға болатын шығар. Бірақ сөз таңдауда мұқият болу қажет», – деді Қошанов.

ҚОШАНОВ

Пленарлық отырыста Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты бюджетке жиі түзету енгізгені үшін сынға алды.