×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

«ҚазМұнайГаз-дан құдалар келді». Жаңаөзендегі ереуілшілерге барған ҚМГ орынбасары не деді

Бүгін, 13:45
«ҚазМұнайГаз-дан құдалар келді». Жаңаөзендегі ереуілшілерге барған ҚМГ орынбасары не деді
Коллаж Ulysmedia.kz

Жаңаөзенде ереуілдетіп тұрған "Өзенмұнайға" қарасты  "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" мекемесінің жұмысшылары өздеріне ҚазМұнайГаз компаниясының өкілдері келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мекеме жұмысшыларының бірі желіде жариялаған видеода ереуілшілерге ҚазМұнайГаз өкілдері келгенін, алайда мардымды ештеңе демегенін айтады.

“ҚазМұнайГаз-дан құдалар келді, бірақ мардымды хабар жоқ. Шешетін адамдар келген жоқ деп ойлаймын. Шешетін адамдар тұрғызбай шешіп тастау керек еді” дейді ол видеода.

"Бұрғылау жұмыстары басқармасы" мекемесінің жұмысшысы Ulysmedia.kz тілшісіне өздеріне ҚазМұнайГаздың ұлттық компаниясы басқарма төоағасының орынбасары Бекзат Абайылданов келгенін нақтылады.

Ол мұнайшыларға 5 адамдық топ болып Астанаға келіссөзге баруды ұсынған. Алайда ереуілшілер ұсыныстан бас тартқан.

“Кәсіподақ мүшелері 20 күн жатты ғой Астанада, шешілген ештеңе жоқ” деген жұмысшылар келіссөз жүргізгісі келсе, ҚМГ басшысы өзі келсін деп отыр.

Алайда ҚазМұнайГаз басшысы Асхат Хасенов Жаңаөзендегі жұмысшылардың алдына баруға құлықты еместігін білдірген.

ЕРЕУІЛШІЛЕР ТАЛАБЫ

Жаңаөзендегі “Өзенмұнайгаз” АҚ-ға қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясының жұмысшылары 12 қарашадан бері ереуілдетіп тұр. Олар ҚазМұнайГазға бес талап қойып отыр.

  • ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
  • Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
  • машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
  • 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

«ҚазМұнайГаз» наразы жұмысшыларының талабын орындай алмайтынын айтып жазбаша жауап берген болатын.