×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

31 желтоқсанда қазақстандықтар демала ма

31 желтоқсанда қазақстандықтар демала ма
Фото: ашық дереккөз

31 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болып қала ма, жоқ па? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 31 желтоқсанды ресми демалыс қатарына қосу орынсыз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Қазақстандықтар 31 желтоқсанды ресми демалыс күні етіп белгілеуді сұрады. Сөздерінше, Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке және қосымша демалыс күні жақын адамдарыңызбен көбірек уақыт өткізуге, мерекелік дастархан әзірлеуге және жыл соңында күйзелістен арылуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақстандықтар мұндай шара тұтынушылық белсенділікке, шағын және орта бизнесті қолдауға оң әсер ететінін атап өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстандағы мерекелер туралы" заңға сәйкес 1 және 2 қаңтар мереке күндер екенін мәлімдеді.

Бұл күндері ғана демалыс ресми түрде беріледі. Министрліктің пікірінше, 31 желтоқсанды ресми демалыс қатарына қосу орынсыз.

Біз 31 желтоқсанды демалыс күні деп бекітуді орынсыз деп санаймыз, бұл ретте министрлік ұлттық және мемлекеттік мерекелерді белгілеу жөніндегі уәкілетті орган емес.  Министрлiктiң құзырына тек кәсiптiк мерекелердiң тiзбесiн бекiту ғана енедi, олар өз кезегiнде демалыс күндерi болып саналмайды, – делінген хабарламада.

121 КҮН ДЕМАЛЫС

Қаңтарда бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар Жаңа жылда 1-4 қаңтар, ал алты күндік жұмыс аптасы 1-3 қаңтар аралығында демалады.

  • 1, 2, 3 және 4 қаңтар: демалыс күндері.
  • 5 қаңтар (жексенбі) және 6 қаңтар: жұмыс күндері.
  • 7 қаңтар: Православие Рождествосының құрметіне демалыс күні.
  • 8, 9 және 10 қаңтар: жұмыс күндері.
  • 11 және 12 қаңтар: демалыс күндері.

2025 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады және 244 жұмыс күні болады.