Елші зейнетке шығуына байланысты Қазақстандағы қызметінен кетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНЕ ХАБАРЛАҒАН
Елшіліктің сайтында хабарланғадай, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 26 қараша күні Қазақстан Үкіметіне өзінің 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кететінін және АҚШ Мемлекеттік департаментінде 28 жылға жуық сәтті еңбек жолын тәмамдайтынын мәлімдеген.
Елші Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Ұзақ ойланып, ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге өткен жарқын еңбек жолын аяқтап, қызметінен кетуге бел буған. Ол Америка Құрама Штаттарын Қазақстанда, АҚШ-пен мықты әрі дамып келе жатқан серіктестік құрған елде, таныту мүмкіндігі үшін алғысын білдірген.
«Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым», – деп атап өтті елші Розенблюм.
ЕЛШІМЕН СҰХБАТ
Осыдан аз уақыт бұрын Дэниел Розенблюм Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға эксклюзивті сұхбат берген еді. Сұхбат барысында демократиялық құндылықтар, адам құқықтары және Қазақстанның ішкі мәселелері де талқыланды. Әлемде соғыс жүріп жатқандықтан, геосаясат Қазақстан үшін аса маңызды рөл атқарып отырғаны да айтылды. Дональд Трамптың билікке келуі бүкіл әлемдік қауымдастықтың саяси стратегияларын өзгерту мүмкіндігі айтылған.