×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды
Фото: azh.kz

Атырау облысының құтқарушылары 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздеу жұмыстарын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

“Ақ Жайық” басылымының жазуынша, бойжеткен 18 қазан күні кешкі сағат он бірлерде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Полиция күдікті ретінде екі жігітті ұстады. Олар қызды өлтіріп, Жайық өзеніне лақтырып жібергенін айтқан.

Құтқарушылар 44 күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Алайда өзен бетіне мұз қатуы себепті іздеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр.

ТЖД МӘЛІМДЕМЕСІ

«22 қазан мен 4 желтоқсан аралығында іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмысына 20-дан астам қызметкер, бес техника, жеті су асты құрылғысы мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар жұмылдырылды», - деді облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

Алайда ешқандай нәтиже болмаған. Күн суытып, су асты көлігінің жұмысына кедергі келтірген.