×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

Жамбыл облысында қатерлі ісікті жасанды интеллект арқылы анықтау жүйесі енгізіледі

05.12.2024, 19:15
Жамбыл облысында қатерлі ісікті жасанды интеллект арқылы анықтау жүйесі енгізіледі
ашық дереккөзден

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәлім етті. Жобаны 2025 жылы бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС

Орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізген Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев биыл 7,4 млрд теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның 23-і пайдалануға беріледі. Аталған нысандардың ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында - 20 нысан бар.

– Екі қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд теңгеге 18 бірлік медициналық диагностикалық техника, 38 санитарлық машина сатып алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Қарашөкеев.

Осының нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 42,7%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7%-ға (2023 жыл ‒ 91,9%) жеткізілмек.

ТЫҢ ЖОБА

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, 2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктерді анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын бастау жоспарланып отыр. Бұл аудандардың облыс орталығынан шалғай орналасуы, радиолог мамандардың тапшылығы мәселесін шешіп, ең бастысы науқастарды ерте диагностикалау және жедел емдеу тиімділігін арттырады.

Одан бөлек, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30 бен 70 жас аралығындағы мезгілсіз өлім қаупін төмендету бойынша жұмыстар жалғасын табады.