×
465.01
543.55
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.01
543.55
6.15

"Жастарға жол беремін" - Бозымбаев Алатау қаласының әкімі болмайтынын айтты

20.03.2026, 12:18
"Жастарға жол беремін" - Бозымбаев Алатау қаласының әкімі болмайтынын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында әкім болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бозымбаев бірнеше рет әкім қызметін атқарғанын атап өтті. 

- Мен үш рет әкім болдым. Аймақтарда жастарға жол беру керек, – дейді Бозымбаев. 

БОЗЫМБАЕВ

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев Алматы қаласының тумасы. Өзі атап өткендей, бірнеше рет әкім қызметін де атқарған. Соның ішінде, 2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Жамбыл облысының әкімі, 2013–2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі, ал 2021–2022 жылдары — Алматы облысының әкімі болған. 

Серіктес жаңалықтары