×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

32 500 теңге: атыраулық бойжеткен Қытайдан тапсырыс берген әмияннан ақша тауып алды

32 500 теңге: атыраулық бойжеткен Қытайдан тапсырыс берген әмияннан ақша тауып алды
Фото: видеодан скрин

Бойжеткен қытайлық Pinduoduo маркетплейсінен әмиянға тапсырыс беріп, ішінен ақша тауып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Атыраулық желі қолданушысы Pinduoduo-дан 900 теңгеге әмиян тапсырыс берген. Әмиян келген соң ішіндегі қағаздарын алып, орнына ақша салып жатқанда қалтасынан 500 юань тауып алған. Алайда ол табылған Қытай валютасы түпнұсқа немесе жалған екенін ажырата алмаған. Сөйтіп рас-өтірігін білу үшін валюта айырбастайтын пунктіге барған. 

Ол ақшаны ауыстырып жатқан сәтті видеоға түсіруге рұқсат сұрап, оқырманның өтінішімен видеоға түсірді.

«ШЫН АҚША ЕКЕН»

Бойжеткен “Мұнда 500 юань. Өтірік не шын екенін қарап бересіз бе?” деген өтінішіне ақша айырбастау пунктінің қызметкері купюра түпнұсқа екенін айтып, есептеп берді. Нәтижесінде 500 юань 32 500 теңгеге бағаланды.

Достар, ақша шын болып шықты. Бірақ егер ақша жалған болған жағдайда полиция қызметкерлерін шақырамыз деп алдын ала ескертті. Қатысың болмаса да тергеу жүргізіледі екен. Бірақ ақша шын болып шықты. 65 теңгеден қабылдап жатыр. Мінекей, 32 500 теңге, – дейді бойжеткен. 

ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ

“Зауытта біреу ақшасын тығып, ұмытып кеткен ғой”, “Алла несібеңізді Қытайдан жіберіп тұр”, “Қашанғы қазақтар жем болып жүреді”, “Бәріміз әмиянға тапсырыс берейік”, “Жолың болды деген осы”, – деп жазып жатыр олар.