Франция президенті Эммануэль Макрон үкіметтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Бұл туралы Елисей сарайының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін премьер-министр үкіметтің отставкаға кету туралы өтініш берді, ал республика президенті өтінішті қабылдады, – делінген хабарламада.
Жаңа үкімет құрылғанға дейін премьер-министр Мишель Барнье және оның командасы ағымдағы мәселелермен жұмыс істеуді жалғастыра бермек.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, Мишель Барнье басшылығымен үкімет қыркүйек айының соңында ғана құрылған еді. Барнье бұған дейін Франция парламенті қабылдаған сенімсіздік вотумы нәтижесінде қызметтен шеттетілді. Депутаттар ел бюджетінің әлеуметтік бөлігін олардың пікірімен санаспастан қабылдауға наразылық білдірген.
Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Корея қорғаныс министрі халықтан кешірім сұрап, отставкаға өтініш берген болатын.