Қостанай қаласының №2 сотында ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің бұрынғы төрағасы Дарзан Әбдікәрімовке үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ
Соттың хабарлауынша, 2024 жылдың маусым айында Әбдікәрімов Қостанайда ЖШС директорының бірінен 2 млн теңге пара алған. Сол жылдың тамызында 78 125 000 теңге сомасына бір көзден алу тәсілімен пестицидтерді сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін 2,4 млн теңге тағы алған.
Тергеу барысында күдіктілер қылмыс жасағанын мойындап, өкініш білдірген.
Прокурор соттан шенеунікті 3,6 жылға, ал кәсіпкерді 3 жылға соттауды сұрады.
ҮКІМ
Сот үкімімен Әбдікәрімов 3 жыл 6 ай мерзімге, ал кәсіпкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Шенеунік алған пара мемлекет кірісіне тәркіленеді.