Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктер республиканың басым бөлігінің ауа-райын Солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болатынын айтады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар жауады, елдің шығысында қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ауысады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.
Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжануда. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.