«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев өмірде қиналып жүрген адамдарға ақылын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуына қарағанда, қиналып жүрген адам жағдайын ешкімге айтпауы керек.
«Шаршадым», «Мазам болмай жүр», «Түнімен ұйықтай алмай шықтым», «Проблемам бітпей кетті» деген сөздерді сөздік қорымыздан алып тастайық. Өйткені біреудің басындағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: «Проблемаңды ешкімге айтпа. Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. Иван Тургеневтің: «Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де – өзіңдікі» деген екен», – деп жазған әнші.
Бұған дейін әнші Мөлдір Әуелбекова Сәкен Майғазиевпен қалай амандасатынын көрсеткен еді. Сондай-ақ Майғазиев тойда жаттығу жасаған болатын.