×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

«Колониядан шыға алады»: Төребаев пен Шерниязов жұмысқа орналасты

«Колониядан шыға алады»: Төребаев пен Шерниязов жұмысқа орналасты
Коллаж Ulysmedia

Сотталған вайнерлер - Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов колонияда жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КОЛОНИЯДАН ШЫҒУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Олар бүгінде сот үкіміне сәйкес минималды қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оларға жұмыс уақытында колониядан шығуға рұқсат етілген.

Бұл сотталғандар Алматыдағы ұйымдарда мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде жұмысқа орналастырылды. Минимал қауіпсіздік мекемелерінде сотталғандар күн тәртібі аясында жұмысқа шығып, колонияға қайта оралады. Мекеме әкімшілігі олардың келіп-кетуі барысында заң талаптарын сақтау және оны бұзудың салдары туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіп тұрады, - деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Сондай-ақ минималды қауіпсіздік мекемелерінде қарапайым жағдайда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жатақханаларда тұратыны белгілі болды.

Оларға мекеме аумағында айына бір қысқамерзімді және бір ұзақмерзімді кездесу өткізуге рұқсат етіледі, - деп толықтырды ҚАЖК.

Айта кету керек, минималды қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға мекеме аумағынан өз бетінше шығып кетуге тыйым салынады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін желіде Мейіржан Төребаевты Алматыдағы колонияға жібергені туралы ақпарат тараған болатын. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті БАҚ сұрауына жауап ретінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауысқанын растады.

Алматы қаласы мекемесінде ұсталатын адамдардың лимитінің ұлғаюына байланысты бірқатар сотталған, соның ішінде аталған адамдар тұрғылықты жері бойынша кезеңге өткізілді, – деп хабарлады ҚАЖК.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жыл алған. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден астам сомаға азаматтық талаптарын қанағаттандырды.

Вайнерлер жазасын Павлодар облысының "№ 44 мекемесі" РММ-де өтеп, "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналастырылған еді.