×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Сириялық оппозиция әйелдерді хиджаб киюге мәжбүрлеуге тыйым салды

Сириялық оппозиция әйелдерді хиджаб киюге мәжбүрлеуге тыйым салды
Фото: media.az

Сириядағы қарулы оппозицияның қолбасшылығы әйелдердің еркін киіну құқығын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Al-Watan басылымының жазуынша, жаңа билік әйелдердің сыртқы келбетіне қатысты шағым айтпауды сұрады.   

Сирия оппозициясының жоғары қолбасшылығы әйелдерді белгілі бір киім киюге мәжбүрлеуге немесе олардың киім таңдау құқығына қандай да бір жолмен араласуға үзілді-кесілді тыйым салатынын айтты, – делінген басылым хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Сириядағы саяси күштердің арасындағы таққа таласудың соңы ақыры Башар Асадтың елден президенттік билікті тастай қашуымен аяқталғанын жазған едік.