Алматыдағы караоке-бардың бірінде ұсталған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды.
Видеода оның туғандары, туыстарымен қауышқан сәт көрсетілген.
Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін олигархтардың ұлдарымен төбелескен актер 6,5 жылға сотталып кеткен еді.