×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Олигархтардың ұлдарымен төбелескен актер 6,5 жылға сотталып кетті

12.10.2023, 21:41
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жұмабек Асқар сот залынан қамауға алынып, 6 жыл 6 айға сотталып кетті. Актер үкім алдында президент Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, араша сұраған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда олигарх Бахаридин Әбіләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен бірге төбелеске қатысушылар сотталып кетті.

"Сот үкімімен Ж., Қ., Т., С., Р., Н. және К., қылмыстық кодекстің 293, 106 және 107-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Р-ға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қ., Т., С., Н., және К., әрқайсысына 6 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бес күзетші, диджей және мекемеге келуші “бұзақылық жасады, қасақана бұзақылық жасаған адамдар тобының денсаулығына ауыр және орташа зиян келтірді” деп айыпталған.

"Танымал қазақстандық актер Асқар Жұмабек 2022 жылғы 28 желтоқсанда LITTLE BRAZIL караокесіне келген. Келушілер қатарында белгілі бай адамдардың ұлдары Бахарадин Әбіләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысов, Бостандық ауданының полиция қызметкері Валиев Біржан Нұрланбекұлы болған. Нұрланбекұлының қатысуымен болған келіспеушіліктер кейіннен төбелеске ұласты. Төбелесті ажыратуға тырысқан Асқар Жұмабек 6 жыл 6 айға жазықсыз айыппен сотталып кетті", - делінген Асқардың әлеуметтік желідегі парақшасында.

10 қазандағы сот отырысынан кейін актер әлеуметтік желі арқылы президентке жүгініп үлгерген.

«Құрметті президент, сізден өтініп көмек сұрағым келіп тұр. Мына видеоны түсіруге мәжбүр болып тұрмын. Себебі басымда бір іс болып жатыр. Мен халықтың алдында жүрген актермін. Осыдан бір жыл бұрын 27 желтоқсанда караокеде жағдай орын алды. Бұл іс көп каналдан көрсетілді. Іс жалғасып жатыр. 10 ай бойы үйқамақта отырмын. Ертең үкім шығады. Алдын-ала өзімді қорғау және сізден көмек сұрау мақсатында видеоны түсіріп жатырмын. Әділдікті қалаймын. Ол жерде менің еш кінәм жоқ. Ешкіммен төбелескен жоқпын. Құрметті президент, егер ертең біздің бас бостандығымыздан айыратындай жағдай болса, осы видео бүкіл инстаграм арнасына тараса деймін. Ол жерде Ыдырысов пен Әбіләзімов Бахридден деген кісінің ұлдары болып отыр. Кімге барып көмек сұрасам да, бәрі басын алып қашады. Қорқады. Менде басқа жол қалмады. Барынша көмек беруіңізді сізден өтініп сұраймын. Менен басқа жігіттер де еш себепсіз кетіп барады. Бізде ақша жоқ болса, бәріміз қамала беруіміз керек пе? Егер сондай болса, Қазақстан елінің азаматы болмай-ақ қояйық. Осы іске көз жүгіртіп өтесіз деген үміттемін. Төбелесті бастағандар бағана айтқандардың ұлдары болса да, біз сотталып кетіп бара жатырмыз», - деген еді актер әлеуметтік желі арқылы.

Серіктес жаңалықтары