×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жақындады

10.12.2024, 14:52
Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жақындады
Ulysmedia коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халыққа берілген кредит қаншалықты өскені жайлы мәліметті жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АГЕНТТІК НЕ ДЕЙДІ

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы қазанда 1,8%-ға ұлғайып, 19,8 трлн теңгені құраған. (2024 жылдың басынан бері өсім 18,7% құраған. Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,0%-ға 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

– 2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,9 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға өсті. Бұл ретте 2024  жылдың 10 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға артық, – делінген хабарламада.

ИПОТЕКА

Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредит берудің оң серпіні жалғасқан. Жыл басынан бастап нарықтық шарттарда 555,4 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,3%-ға артық. Нәтижесінде олардың үлесі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-дан 35,4%-ға дейін өскен.

ҚАНША ҚАРЫЗ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕНБЕЙ ЖАТЫР

Халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 3,9%-ды немесе 777 млрд теңгені құраған.