×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Депутат зейнетақыға қатысты дау туғызған шенеуніктерді жазалауды ұсынды

15.12.2021, 11:53
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың айтуынша, зейнетақының пайдалануға болатын жеткілікті шегін қайта есептеу керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгінге дейін 600 мыңнан астам адам зейнетақы қаражатын тұрмыстық жағдайын жақсартып, емделу үшін жалпы сомасы 2 триллион теңгені пайдаланды. 2021 жылдың 3 желтоқсанында БЖЗҚ өзінің веб-сайтында 2022 жылға арналған зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар салымшылар саны 600-ден 150 мың адамға дейін, яғни 4 есеге азаяын деп тұр», - деді Аманжан Жамалов.

Оның айтуынша, зейнетақы шегін көтеру халықтың наразылығын туғызған.

«Біріншіден, 2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін айқындау әдістемесі «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларына сәйкес келмейді. Сонымен, заңның 1-бабының 15-1 тармақшасына сәйкес, ай сайын зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинағының ең төменгі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес жеткілікті ең төменгі шек болып есептеледі. Дегенмен, Әдістемеде ең төменгі жалақы көрсеткіші (60 000 теңге) негізге алынады. Осылайша, Әдістемеде ең төменгі зейнетақы көрсеткіші 46 302 теңгенің орнына ең төменгі жалақының мөлшеріне шекті мәнді байланыстыратын әдістемелік қателік мүлде қабілетсіз немесе қасақана жіберілген деп есептейміз», - деді ол.

Мәселен, 20 жастағы адам үшін шекті көрсеткіш 1,7 миллион теңгеден 3,1 миллион теңгеге, 59-62 жас аралығындағы адамдар үшін 5,5 миллион теңгеден 9,1 миллион теңгеге дейін көтеріледі.

«Осыған байланысты жеткiлiктi шекті есептеу кезiнде ең төменгi жалақының көрсеткiшiн пайдаланудан бас тарту керек. Екіншіден, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес ең төмен зейнетақының мөлшерін пайдалана отырып, 2022 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шекті мәнді қайта есептеу қажет. Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіндегі» депозитке аудару мүмкіндігі туралы тапсырмасын орындасын және зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімін 45 күннен 20 күнге дейін қысқарту туралы түсіндірме берсін. Осы шуға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шекті мәнін айқындау әдістемесін әзірлеуге жауапты адамдарды жазалау керек», - дейді Жамалов.

 

Серіктес жаңалықтары