×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

Қаңыраған ғимараттан денесі табылған жасөспірімнің ісін полиция неге тоқтатты

11.12.2024, 15:31
Қаңыраған ғимараттан денесі табылған жасөспірімнің ісін полиция неге тоқтатты
Ulysmedia коллажы

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада жасөспірім қыздың өлімі фактісін тергеу неліктен аяқталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділовтің айтуынша, тергеу барысында жасөспірімге зорлық-зомбылық жасады дерлік белгі анықталмаған. Ізінше полиция прокурормен келісе отырып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған.

– 105-бап бойынша (Өзін – өзі өлтіруге дейін жеткізу) іс қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабымен құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты аяқталды, - деді Әділов.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Қыркүйек айының ортасында Астанадағы қараусыз қалған ғимарат ішінен 14 жастағы Аурелин Александрюктің денесі табылған еді. Полиция қыздың денесінде зорлық-зомбылық іздері табылмағанын хабарлаған. Оның жүрегі тоқтап қалғаны айтылған. 23 қыркүйекте қайтыс болған Аурелиннің әпкесі Александрюк Карина әділдік іздеп қазақстандықтарға жүгінді. Оның отбасы "оқыс жағдай" нұсқасына сенбейді. Ол 14 жасар қыздың денесінде абразиялар мен ашық жаралар бар екенін хабарлаған.

Кейінірек полиция сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша өлім газ қоспасымен улану салдарынан болғанын хабарлады.