×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Билік бәрін тезірек аяқтап, ұмыттырғысы келеді – Досым Сәтпаев Талғардағы трагедия жайлы

Бүгін, 13:34
Билік бәрін тезірек аяқтап, ұмыттырғысы келеді – Досым Сәтпаев Талғардағы трагедия жайлы
Ulysmedia коллажы

Саясаттанушы Досым Сәтбаев Талғардағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді. Ол бұл оқиғаның жарияға жар болуы шенеуніктердің мазасын қашыратынын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушының айтуынша, Талғар трагедиясы –бүкіл Қазақстандағы көрініс. Бұл жағдай "құқығы бардың емес, құқығы көптің дегені болатынын" айқын танытады дейді ол. 

– Адамдар билік өкілдері тарапынан әділетсіздікті сезінетін, сыбайлас жемқорлық әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесінің еті мен қанына сіңіп кеткенін көрсететін, сананы криминализациялау шенеунікті паханға, ал паханды шенеуніктердің достарына айналдыратын бей-берекетсіздік орнаған жер, - деп жазады Досым Сәтбаев.

ТАЛҒАРДА ҒАНА ЕМЕС  

Саясаттанушы 30 жыл ішінде мұндай қайғылы оқиғалар Қазақстанның көп аймағында болғанын айтады. 

– Олардың көбі қоғамға жария етілмеді, бір жерде қылмыс құрбандарына қысым көрсетілді, бір жерде билік өкілдері статистиканы бұзбау үшін мұның бәрін жасырды, – деп жазады саясаттанушы. 

– Айтпақшы, биліктің жәбірленушілерге, өлтірілген жігіттің әкесіне және оның басқа туыстарына деген қатал мәнері шенеуніктерді бұл істің жария болуы ашуландыратынын, оған бүкіл ел қарап, көп нәрсені жасыру қиын екенін, ал олардың тиімсіз жұмысын бүкіл Қазақстан көріп отырғанын көрсетеді. Бұл қылмысты тергеумен айналысатындардың барлығына да қысым жасалатынын ұмытпаңыз. Бірақ олар әділеттілікке жету үшін қысым жасамайды. Бәрін тезірек аяқтап, ұмытып кету үшін, өйткені Талғар трагедиясы бүкіл биліктің имиджіне теріс әсер етеді, - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім еткен. Ақпаратты кейін полиция растады.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.