×
522.91
548.85
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.91
548.85
5.05

Шерзаттың ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын, енді қандай процестер қалды

Бүгін, 10:15
Шерзаттың ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын, енді қандай процестер қалды
ашық дереккөз

Алматы облысының прокуратурасы Талғардағы төбелесте қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын екенін мәлем етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Прокуратура қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталғанын айтады.

“Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз

Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз” делінген хабарламада.

Шерзаттың отбасы мен адвокаттары төбелес кезінде оқиға орнында болған екі әйелді де күдікті ретінде тануды талап еткен. Алайда тергеудегі олардың статусы куәгер болып қалғаны айқындалды.

Бұған дейін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім еткен. Ақпаратты кейін полиция растады.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.