×
522.91
548.85
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.91
548.85
5.05

Шерзат ісі: әкім Сұлтанғазиев іске қатысы жоқ адамдарды «абай болуға» шақырды

Бүгін, 12:58
Шерзат ісі: әкім Сұлтанғазиев іске қатысы жоқ адамдарды «абай болуға» шақырды
Ulysmedia коллажы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы Шерзат Полаттың ісі жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕБЕП НЕДЕ

Талғардағы оқиғалар ушыққаннан кейін ресми органдар митинг өткізілсе, жауапкершілік барын ескерте бастаған. Себеп неде? Әлеуметтік дүмпу болады деген қауіп бар ма? Жалпы сіз осы зардап шеккен, баласынан, бауырынан айырылған отбасын қамау, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғау қатал жаза болды деп есептемейсіз бе? Әкімге бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі орталық коммуникациялар алаңында қойды.

СҰЛТАНҒАЗИЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Қайғырып көңіл айтамыз. Құқық қорғау және сот органдары әр іс-қимылға баға беруі керек. Оны халық та түсінуі керек. Сол себепті құқық қорғау органдары қазір бәрін айтып жатыр. Тағы да сабырлыққа шақырайық. Құқық қорғау органдары бүгінгі күні толық мәліметтерді жариялап беріп жатыр. Одан ешқандай дефицит жоқ, ашық түрде жұмыс істеліп жатыр десе болады, – дейді ол.

Әкімнің айтуынша, “іске қатысы жоқ көп адам толыққанды ақпаратты алмай тұрып, БАҚ-қа өз ой-пікірлерін айтуға кіріскен”.

– Оған өте абай болу керек. Өйткені басқа адам сеніп қалуы мүмкін. Сол себепті нақты құқық қорғау органдары берген мәліметтерге сену керек. Тәртіпті бәріміз білеміз. Бауыржан Момышұлы айтқандай, “тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды”. Сол себепті бәріміз сабыр сақтайық. 

НҰРЫМОВТАРДЫҢ ҮЙ МӘСЕЛЕСІ

Әкімнің айтуынша, үй және кейін көмек мәселесі бойынша мәлімет бергенін айтады. 

– Біздің ауыл-аудан әкімдіктері, кейіннен өзіміздің құрылымдар олармен толық байланыста. Тиісті көмегін мемлекеттік емес ұйымдар, меценаттар арқылы көрсеттік. Қазір де меценаттар үй салуға дайын. Егер иелері атынан мақұлданып жатса, ол жұмысқа кірісуге дайынбыз. Біз қазір оларға қыста үйдің тиісті құжаттарын дайындап алайық деп отырмыз, – дейді ол.

Бұған дейін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім еткен. Ақпаратты кейін полиция растады.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.