×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Өзбекстандық танымал бьюти-блогер өзіне қол жұмсады

14.12.2024, 16:50
Өзбекстандық танымал бьюти-блогер өзіне қол жұмсады
Фото әлеуметтік желіден

Өзбекстанда 23 жастағы косметолог блогер Гузаля Махматкулова терезеден секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ

Қайғылы оқиға 12 желтоқсанға қараған түні Самарқанд қаласында болды. Елдің Бас прокуратурасы блогер көпқабатты үйдегі пәтердің терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсағанын растады.

Құқық қорғаушылар қызды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген болжам жасады. Олардың мәліметінше, Гузаля Махматкулова күйеуі мен енесінің қысымын көрген.

 «Марқұмның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анық, сол себепті қайтыс болған шығар. Оны өзіне қол жұмсауға итермеледі деген болжамдар бар. Біз Самарқанд прокуратурасының тексеру нәтижесін күтеміз», делінген Nemolchi.uz қорының мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта прокуратура тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.

Гузаля Махматкулова – әлеуметтік желіде танымал болған Өзбекстанның белгілі косметологі. Интернетте 23 жастағы бойжеткен негізінен сұлулық пен эстетикалық медицина туралы айтатын.