×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

«Билік ауысып отыруы керек»: Америкада тұратын қазақ жігітінің пікірі

«Билік ауысып отыруы керек»: Америкада тұратын қазақ жігітінің пікірі
Фото: Ulysmedia

MIT мен Harvard жанындағы Board Institute ғылыми қызметкері Ердос Ордабаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ХАЛЫҚ ТАЛАП ЕТУІ КЕРЕК»

Қазақстанда көп нәрсе өзгеруі керек. Менің арманым, тәуелсіз сот болса, полиция жақсы жұмыс істесе, орта білім жақсы берілсе, президенттер ауысып тұрса деп ойлаймын. Мәселен, Америкада президенттің жұмысы ұнамаса, басқасын сайлайды. Билік ауысып отыруы керек. Халық өз құқықтарын біліп, талап етуі керек. Сайлау кезінде белсенді болуы керек. Менің арманым – Қазақстанда әділетті сайлау мен тәуелсіз сот болу, – дейді ол.

ЕРДОС ОРДАБАЕВ КІМ?

Еске салсақ, Ердос Семейдің тумасы, соңғы 12 жыл Америкада тұрып жатыр. Ғылыми-зерттеулермен айналысады.

Ұлыстың командасы Америка Құрама Штаттарынан үлкен шығарылым ұсынған. Назарымызда Америкадағы қазақ ғалымдары мен әлемдік қаржы ұйымдарында еңбек етіп жүрген отандастарымыз, ғылымның күрделі салаларындағы сарапшылар.

Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.