Қыста көлікпен жолда қалып қойсаңыз, жағдайды қауіпсіз әрі тиімді басқару үшін Ulysmedia төмендегі 5 кеңеске назар аударуға кеңес береді.
ҚАУІПСІЗДІК
Жолда тоқтаған жағдайда көлігіңізді мүмкіндігінше жолдың шетіне қойыңыз. Авариялық жарықтарды қосыңыз және қажет болса, ескерту белгісін (треугольник) орнатыңыз. Егер жағдай қауіпті болса (көктайғақ, нашар көріну), көліктен шықпаңыз.
ҚОЛДА БАР РЕСУРСТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Жанармай деңгейін тексеріңіз. Егер жанармай жеткілікті болса, қозғалтқышты суытпай мезгіл-мезгіл қосып отырыңыз. Ссағатына 10-15 минут сайын көлікті оталдырып отырыңыз.
Жылуды сақтау үшін:
Қосымша киім, көрпе немесе термоқапты пайдаланыңыз.
Терезелерді желдің кіруін болдырмау үшін кез келген затпен (газет, киім) тығындаңыз.
ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАМСУ
112 немесе басқа шұғыл қызмет нөміріне хабарласып, жағдайыңызды баяндаңыз.
Орналасқан жеріңізді нақты көрсетіңіз. Жақын маңдағы белгі немесе координаттарды айтуға тырысыңыз.
ҚОЗҒАЛУ
Қол-аяқты суықтан сақтау үшін оларды үнемі қозғалыста ұстаңыз.
Ылғал киімдерді шешіп, құрғақ заттар киіңіз.
САБЫРМЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ
Егер көмек жақын арада келмейтін болса, мүмкіндігінше жылы жерде отырыңыз. Көліктің ішін тұрақты желдетуді ұмытпаңыз, мүмкіндігінше, бір терезені сәл ашыңыз. Себебі ұзақ қозғалтқыш жұмыс істесе, газдан улану қаупі бар. Алдын ала дайындық: қыста жолға шыққанда әрдайым төтенше жағдайға арналған заттар жинағын (көрпе, тамақ, су, алғашқы медициналық көмек, зарядталған телефон, қуат банкі, шам) өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз.