×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Балаева өзінің атынан жіберіліп жатқан хабарламаларға сенбеуге шақырды

17.12.2024, 15:01
Балаева өзінің атынан жіберіліп жатқан хабарламаларға сенбеуге шақырды
Фото: facebook.com/aqparatqogam

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің атынан жасалып жатқан алаяқтық әрекет туралы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Құрметті достар!

Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті.

Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!” дейді министр.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар айласын іске асыру үшін жаңа технологияларды пайдалануға көшкенін ескерткен. Агенттіктің хабарлауынша, бүгінде алаяқтар жасанды интеллект көмегімен кибершабуылдар жасап, азаматтардың құпия деректерін ұрлауға көшкен.