×
522.49
547.88
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
547.88
5.06

52 жастағы әйел қаза тапты: Шымкентте тұрғын үйде өрт болды

52 жастағы әйел қаза тапты: Шымкентте тұрғын үйде өрт болды
Фото: forumhouse.ru

Шымкентте жеке үйде өрт болып, 52 жастағы әйел қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КАНИСТЕР ТАБЫЛҒАН

Kozachkov телеграм арнасының жазуынша, қаза тапқан әйел Түркістан облысы тергеу соты төрағасының бұрынғы әйелі.

Оқиға орнында керосин құйылған канистрлер табылған. Полиция істі “бөтеннің мүлкін қасақана жою" және “кісі өлтіру" баптары бойынша тергеп жатыр, – делінген желідегі жазбада.

Өрт 17 желтоқсан күні сағат 05:47-де Шымкент қаласы Абай ауданында орналасқан тұрғын үйде болған. Өрттен уланған үш адам (2000, 2001, 2024 ж.) ауруханаға жатқызылды.

Өрт орнынан 1972 жылы туған әйелдің мәйіті табылған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Аталған жайт бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Іс бойынша тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылған болатын.